ЕҚЫҰ Қазақстанда тәуекелдерді профильдеу бойынша трансшекаралық оқыту семинарын бірлесіп ұйымдастыруда
![](https://www.osce.org/files/imagecache/10_large_gallery/376693_1.jpg?1522741305)
2018 жылдың 30 наурызында Қарасуда ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған шекаралық өткізу пунктерінде профильдеу бойынша бес күндік трансшекаралық оқыту курсы аяқталды.
Іс-шараға Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 12 офицері және Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің 8 офицері қатысты.
Семинарды Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ЦАРИКЦ), Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Академиясының және Қазақстанның психологтар ассоциациясының сарапшылары өткізді. Олар шекарашыларды өз жұмысында трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекет ету мақсатында қылмыстық оқиғалар бойынша мәліметті талдаудың статистикалық құралдарын пайдалануды және кең ауқымда пәрменді тәуекелдер профильдерін жасауды үйретті.
Оқыту курсының бағдарламасына күдіктінің вербалды және вербалды емес мінез-құлқын терең психологиялық талдау техникалары, сонымен қатар тәуекелдердің нақты көрсеткіштерін анықтау жолдары енгізілген. Практикалық жаттығулар барысында қатысушылар жаңадан үйренген білімдерін қолдануға мүмкіндік алды.
Семинарды ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі, Астанадағы АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткімен күрес және заңдылықты сақтау бөлімі, БҰҰ-ның Есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасының аймақтық офисі және Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұйымдастырды.
Аталған семинар трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ете отырып, қабылдаушы елде шекаралық қауіпсіздікті нығайту мен шекара қауіпсіздігін кешенді басқаруды ілгерілету бойынша Офистің ұйымдастырып келген іс-шаралар топтамасының бірі болып табылады.
Іс-шаралар топтамасы Қазақстанның түрлі аудандарында 180-нен астам шекарашыларға арнап ұйымдастырылған екі жылдық жобаның негізінде өткізілді. Келесі іс-шара үстіміздегі жылы Қостанайда өткізілуге жоспарланып отыр.