ЕҚЫҰ Қазақстанда учаскелік полиция инспекторларын тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге оқытады
2018 жылдың 29 наурызында Петропавл қаласында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен ұйымдастырылған және полицияның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудегі жұмыстарын реттейтін заңнамалық актілері мен механизмдеріне арналған екі күндік семинар аяқталды.
Бірінші күні Солтүстік Қазақстан облысының учаскелік полициясының шамамен 150 қызметкері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресу бойынша учаскелік полиция жұмысындағы озық тәжірибені талқылады. Екінші күні азаматтық қоғамның екі ұлттық сарапшысы осы саладағы полиция жұмыстарына мониторинг жүргізді. Мамыр айында осыған ұқсас іс-шара Алматы облысында өтетін болады.
2017 жылы осы тақырыптағы оқу семинарлары Алматы қ., Қарағанды облысында, Павлодар қ. мен Павлодар облысында, Орал қ. мен Батыс Қазақстан облысында өткізіліп, оған көрші облыстардан қатысушылар жиналды.
Ұлттық сарапшылар осы салада полиция жұмыстарының тиімділігіне мониторинг жүргізу мақсатында талдаушы құжат әзірлейді. Есеп жоба аяқталғанда Ішкі істер министрлігіне тапсырылатын болады.
Оқыту семинарлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және күресуде және зардап шеккендерге кәсіби әлеуметтік қызметтер көрсетуде қабылдаушы елге және азаматтық қоғам өкілдеріне қолдау көрсету бойынша Бағдарлама офисінің көп жылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.