ЕҚЫҰ Қазақстандағы әйел кәсіпкерлер форумын қолдайды
2018 жылдың 16 наурызында Атырау қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен әйел кәсіпкерлігін ілгерілету және ауылды жерлерде әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатымен платформа ретінде өткен Әйел кәсіпкерлігі форумы аяқталды.
Екі күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанның әйел кәсіпкерлері одағымен әріптестікте Парламенттің, кәсіпкер-әйелдердің, Атырау облысы әкімдігінің, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және азаматтық қөғамның шамамен 50 өкіліне ұйымдастырды.
Іс-шарада өңірде бизнесті жүргізу жөніндегі институционалды аспектілер, құқықтық базаны жетілдіру жолдары, сондай-ақ әйел кәсіпкерлігін дамытуға арналған ағымдағы мемлекеттік бизнес-бағдарламалар талқыланды. Форумның екінші күні қатысушылар Атырау облысының әйелдері басшылық ететін кәсіпорындарға барып шықты және өңірде бизнесті жүргізу кезіндегі негізгі сын-қатерлерді талқылады.
Келесі Әйел кәсіпкерлігі форумы сәуірде Маңғыстау облысының ауылдық аудандарының әйелдері үшін өткізіледі.
Аталған іс-шара Бағдарламалар офисінің гендерлік ұстанымды және қабылдаушы елдегі экономикалық мүмкіндіктерді ілгерілетуге бағытталған көпжылдық жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.