ЕҚЫҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Азаматтық бастамалардың ІІ конгресін қолдайды
2018 жылдың 14 наурызында Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Азаматтық бастамалардың ІІ конгресі өтті.
Парламент, Президент Әкімшілігі, Дін істері және азаматтық қоғам, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық ұйымдардың шамамен 200 өкілі мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қабылданатын шараларын талқылады. Қатысушылар сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруда қоғамдық кеңестердің және азаматтық ұйымдардың рөлдерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлықпен күресуде негізгі сын-тегеуріндерді де анықтады. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен ұйымдастырылған.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа белсенді түрде қатысу және азаматтардың оған деген сенімі Қазақстан Үкіметі үшін өте маңызды болып табылады. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғамдық бақылау және бастамаларды қолдау процесіне әрбір азаматты тарту қажеттілігі жайында үнемі айтып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірлерінде біз әрбір азаматқа бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануға мониторинг пен бақылау жүргізіп, олардың мақсатқа сай емес пайдаланудың кез келген жағдайлары жайында хабарлауға мүмкіндік беретін Қоғамдық бақылау және қоғамдық кеңестер карталарын іске қостық», - деп атап өтті.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Елші Дьердь Сабо: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған шаралардың сәттілігі көп жағдайда қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуына байланысты болады. Күшті азаматтық қоғам және мақсатқа бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тиісті мемлекеттік басқаруды ілгерілетудің және шетел инвестицияларын Қазақстанға тартудың маңызды элементі болып табылады», - деді.
Азаматтық бастамалар конгресі – бұл азаматтық қоғам мен іскерлік қоғам ұйымдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен ынтымақтастыққа біріктіретін қоғамдық платформа. Конгрес түрлі мемлекеттік мекемелерде бірлесе отырып тексеру жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында бастамасын 2017 жылы алды.
Шара Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке назар сала отырып, тиісті басқаруды ілгерілетуде Офистің ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.