ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Ұлттық алдын алу тетігінің оқыту семинарын қолдауда
ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген азаптау және қатыгездікті болдырмау жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) мүшелеріне арналған екі күндік оқыту семинары 16 наурыз 2018 жылы Астанада аяқталды.
Семинарды елдің әр аймағынан келген ҰАТ-тың 30 жаңадан сайланған мүшелері үшін Халықаралық түрме реформасының қолдауымен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының аймақтық офисі бірлесіп ұйымдастырды.
Қатысушылар ұлттық сарапшылардан ҰАТ мандатын жүзеге асырудағы белгілі бір практикалық аспектілерін, оның ішінде, алдын ала барып шығуды жоспарлау, сұхбат жүргізу, мониторинг нәтижелері туралы баяндамалар дайындау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ҰАТ қызметіндегі этикалық мәселелерді шешуді үйренді. Психикалық денсаулық қорғау қызметі реформасы және жабық медициналық мекемелердің мониторингі ерекшеліктері тақырыбына жеке сессия арналды.
Іс-шара қабылдаушы елде ҰАТ-ты қолдау мен Азаптауға қарсы БҰҰ конвенциясына Факультативтік Хаттаманы жүзеге асыру бойынша Офистің үшін ұзақ мерзімді күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.