ЕҚЫҰ Қазақстандағы Стратегиялық экологиялық бағалауды пилоттық жобада қолдану бойынша қоғамдық тыңдауларды қолдайды
2018 жылдың 6 наурызында Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Эспо Конвенциясының аясында Қазақстандағы Стратегиялық экологиялық бағалауды (СЭБ) қолдану жөніндегі қоғамдық тыңдау орын алды.
Екі күндік шара Астанададағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен, Энергетика министрлігімен, БҰҰ ЕЭК, БҰҰДБ, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігімен ынтымақтаса отырып, сонымен қатар «Адам денсаулығы институты» жергілікті үкіметтік емес ұйымымен ұйымдастырылды. Парламентті, Энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрліктерін, сонымен қатар экологиялық ұйымдарды танытатын шамамен 50 қатысушы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Отын-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасына қолданылатын қамту бөлігіндегі СЭБ бойынша пилоттық жобаны қарастырды (Тұжырымдама).
Пилоттық жобаны жүзеге асыруға жұмылдырылған халықаралық және ұлттық сарапшылар Тұжырымдаманы жүзеге асырудан халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал салдарлары туралы билік органдарын және азаматтық қоғам өкілдерін ақпараттандырды.
Елші Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, өзінің сөзінде: «Тиімді стратегиялық экологиялық жоспарлауды қамтитын жақсы мемлекеттік басқару қауіпсіздікке және ынтымақтасуға кешенді қатынастағы ЕҚЫҰ басым бағыттарының қатарына кіреді. ЕҚЫҰ мемлекеттік басқару процесінің ажырамас бөлігі ретінде СЭБ өлшемдеріне сәйкес келу үшін заңнамасын нығайтуда Қазақстанға әрі қарай қолдау көрсетеді», - деп атап өтті.
Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Прімқұлов Ахметжан: «Энергетика министрлігі стратегиялық экологиялық бағалауды «жасыл» экономикалық өсу, шетелдік инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер беру және қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық денсаулық сақтау үшін стратегиялық дамудың экономикалық тиімді балама нұсқаларын анықтаудың тиімді құралы деп санайды», - деді.
2003 жылы Киевте қабылданған СЭБ 1991 жылғы Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша Конвенцияға БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) Хаттамасы болып табылады. Бұл құжат мемлекеттік жоспарларды, стратегияларды және бағдарламаларды әзірлеу барысында экологиялық және әлеуметтік салдарларды бағалау бойынша үлгіні ұсынады, сонымен қатар азаматтық қоғамның шешімдер қабылдау процесіне белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етуді шамалайды.
Бұл шара қабылдаушы елдегі тұрақты дамуды және тиісті басқаруды жылжыту бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық қыметінің бір бөлігі болып табылады.