ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанда қылмыстық сот ісін жүргізу туралы талқылауды қолдауда
Сотқа дейінгі іс жүргізудің қазіргі үрдістері мен проблемалары 2018 жылы 1 наурызда ЕҚЫҰ қолдауымен Алматының маңындағы Ақбұлақта басталған екі күндік дөңгелек үстелдің басты тақырыптары болды.
Екі күндік талқылау 70 жуық жоғары лауазымды мемлекеттік органдар өкілдерін, судьяларды, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, ғалымдарды, Қазақстан адвокаттары алқасының өкілдерін, сондай-ақ Грузия мен Германиядан келген заң сарапшыларын жинады.
Қатысушылар сотқа дейінгі сатыда тергеу судьясы мен соттық бақылау мүмкіндіктерін кеңейту, дәлелдемелер жинау бойынша адвокаттардың процессуалдық мүмкіндіктері, бұйрық өндірісін тағайындау мен бүкіл процестің тиімділігін арттыруға қатысты қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген ең маңызды жаңалықтарды талқылады.
Халықаралық сарапшылар сотқа дейнгі тергеуді сот тарапынан бақылау, сондай-ақ қылмыстық сот iсiн жүргiзудегі прокурордың рөлі мен өкілеттіктері мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Жасырын тергеуді мақұлдау және жеке өмірге қол сұқпаушылықтың құқықтық кепілдіктеріне ерекше назар аударылды.
Талқылауды Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорының қолдауымен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты және Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясы (Венеция комиссиясы) бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара Бағдарламлар офисінің Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігі реформасын қолдаудағы ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.