ЕҚЫҰ Қазақстанда жол жүру құжаттарының қауіпсіздігі жөнінде шекарашыларға арналған тренинг өткізуде
2018 жылдың 23 ақпанында Шымкент қаласында жалған құжаттарды анықтау және оларды сәйкестендірудің техникалары бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен 26 шекарашыларға арналып ұйымдастырылған бес күндік оқыту семинары аяқталды.
Аустрияның Федералды ішкі істер министрлігінің сарапшылары құжаттардың халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі озық тәжірибемен, соның ішінде жалған жол жүру құжаттарын анықтау тәсілдерімен бөлісті. Қатысушылар құжаттар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қағаз және полимерлі субстраттарды пайдалану, баспаның дәстүрлі техникалары, фотосуреттерді қорғау және екінші қайтара анықтау мәселелерін талқылады. Шекарашылар тәркіленген жалған құжаттармен практикалық жаттығулар арқылы жаңадан алынған білімдерін жетілдіре алды.
Оқыту семинары ЕҚЫҰ-ның Трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ету департаментінің Жол жүру құжаттарының қауіпсіздігі бағдарламасының, сонымен қатар Қазақстанда ЕҚЫҰ шекара қауіпсіздігі концепциясын дамыту бойынша Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстандағы АҚШ елшілігімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен ынтымақтастықта ЕҚЫҰ-ның Трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ету департаментінің Жол жүру құжаттарының қауіпсіздігі бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырды.