ЕҚЫҰ Қазақстандағы қалдықтарды басқару және оларды қайта өңдеу саласындағы форумды қолдайды
2018 жылдың 26 қаңтарында Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстандағы қалдықтарды басқару және оларды қайта өңдеу саласына инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін талқылау және осы саладағы озық тәжірибе мен технологиялар алмасу бойынша форум өткізілді. Екі күндік шараға 60-қа жуық орталық және жергілікті билік органдарының, қалдықтарды өңдеумен айналысатын компаниялардың, азаматтық қоғамның, халықаралық ұйымдардың, бизнес өкілдері мен экологиялық сарапшылар қатысты.
Германиядан, Италиядан және Ресей Федерациясынан келген сарапшылар қалдықтарды өңдеу үшін сұрыптаудағы тәжірибелерімен бөлісіп, қалдықтарды жерлеуді оңтайландыру әдістері бойынша мәселелерді қарастырды.
Форумның екінші күнінде бұл талқылау Алматыдағы қағаз қалдықтары мен электронды жабдықтарды қабылдау және өңдеу орындарына барумен толықтырылды. Қатысушылар қалдықтарды басқарудың әдістерімен танысып, ықтималды жетілдіру салаларын анықтады.
Бұл шара ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі «KazWaste» қауымдастықпен әріптестікте ұйымдастырылды. Аталған шара Офистің жасыл даму ұстанымдарын ілгерілетуге және аймақтағы экологиялық қауіпсіздікті дамытуға және нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.