Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі Қазақстанда гендерлік теңдікке жету бойынша семинарларын жалғастыруда
2017 жылдың 5 желтоқсанында Талдықорғанда ЕҚЫҰ қолдауымен жергілікті үкіметке гендерлік теңдік принциптерін енгізуге арналған оқыту семинары аяқталды.
Алматы облысының жергілікті атқару органдарының және округтік заң шығарушыларының шашамен 45 жоғары лауазымды тұлғасынан тұратын қатысушылар тобы Қазақстандағы гендерлік мәселелермен байланысты күрделі мәселелерді қарастырып, негізгі назарларын гендерлік теңсіздік, гендерлік теңдікке жетудің ұлттық және халықаралық құқықтық құралдарына және жергілікті үкіметтер бюджеттеріне гендерлік теңдікке жету стратегияларын енгізу мәселелеріне бөлді. Қатысушылар әлеуметтік саясат құралы ретінде кешенді гендерлік әдіс концепциясымен және оны аймақтық және жергілікті деңгейде қолдану әдістерімен танысты.
Сонымен қатар, семинар сарапшылары әйелдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік өсуге әсер ететін бар және ықтималды кедергілерді және олардың жергілікті мемлекеттік басқаруға белсенді қатысуларын атап өтті. Бұл тұрғыда қатысушылар гендерлік аспектілерді ескеретін сайлау кампанияларын өткізудің түрлі коммуникациялық стратегияларын және техникаларын және ауылды жерлер мен шағын қалаларда қажетті басқаруды, ашықтықты және есептілікті жылжыту үшін гендерлік теңдік принциптерін қолдану жолдарын талқылады.
Семинар Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисімен ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық Комиссиямен бірлесе отырып, төрағасының екі орынбасары Елена Тарасенко мен Ляззат Сулеймен қатысуымен ұйымдастырылды.
Шара Офистің ЕҚЫҰ 2004 жылдан бері жүргізіп келе жатқан гендерлік теңдік принциптерін дамыту бойынша әрекеттер Жоспарын енгізу бойынша қабылдаушы елге қолдау көрсету бойынша ұзақ мерзімді күш салулары аясында 2017 жылы ұйымдастырылған оқытушы семинарлар қатарындағы соңғысы болып табылады.