Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдауымен отбасындағы зорлықпен күрес мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді
2017 жылдың 30 қарашасында Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған, заң шығарушы және құқық қорғаушы органдардың полицияның отбасындағы зорлықты болдырмау және онымен күрес бойынша қызметін реттейтін жұмыс әдістеріне арналған дөңгелек үстел аяқталды.
Шараға 60 Парламенттің мүшесі, құқық қорғаушы органдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Қатысушылар жергілікті полицияның Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Концепциясында мазмұндалған басым міндеттер негізінде отбасылық зорлықты қарастыру, болдырмау және онымен күресу бойынша жұмысын жақсарту әдістерін талқылады.
Отбасылық зорлықпен күресу бойынша сарапшылар Қазақстан аймақтарындағы жергілікті полицияның орындардағы жұмысын бақылау нәтижелерімен таныстырды. Жарты жыл барысында тәуелсіз бақылаушылар 500 астам полиция қызметкерлерін сұрастырды. Бірнеше жауап нұсқасы бар жеке сауалнама шамамен 4000 жуық полиция қызметкеріне бақылау мақсаттарына сәйкес шыншыл жауап беру мүмкіндігін қамтамасыз етті.
Қазақстан Ішкі істер Министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің құқық бұзушылықтардың алдын алу басқармасының басшысы Алексей Милюктің айтуынша: «Қазақстанда тұрмыстық зорлықтың алдын алу жүйелі түрде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Концепциясында толық бір тарау «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» заңын енгізуге арналған. ҮЕҰ серіктестікте заңды актілер мониторингінің қоғамдық органы құрылған. Жалпы айтқанда, қолданған шаралар жыл сайынғы тұрмыстық зорлық деңгейін орташа алғанда он пайызға төмендетті. Біз дөңгелек үстелдердегі осындай талқылаулар жергілікті құқық қорғау органдарына «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» заңының жаңа ережелерін түсіндіруге көмектесіп, оны нәтижелі енгізуге септігін тигізді деп есептейміз».
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Диана Дигол: «Әлеуметтік қорғаныспен айналысатын органдардың, әйелдерді зорлықтан қорғаушы бөлімшелер мен учаскелік полиция инспекторларының жұмысын белсенді үйлестіру отбасыдағы зорлықпен күресте шешуші маңызға ие. Адамдардың өмірі олардың дайындық деңгейі мен әрекеттерінің үйлесуіне байланысты», - деп атап өтті.
Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен Ішкі Істер Министрлігімен және «Подруги» Дағдарыс Орталығымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды. Ол Офистің қабылдаушы ел мен азаматтық қоғам өкілдеріне тұрмыстағы зорлықты болдырмауда және онымен күресуде және құрбандар мен тірі қалғандарға кәсіпқой әлеуметтік қызметтер көрсетуге көмектесу бойынша көп жылдық жұмысының бөлігі болып табылады.