ЕҚЫҰ Қазақстан шекарашыларының анықтау және профильдеу дағдыларын арттыруда
2017 жылдың 13 желтоқсанында Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған Қазақстан Шекара және Көші-қон қызметтерінің қызметкерлеріне арналған анықтау және профильдеу техникасы бойынша ұлттық семинар аяқталды.
Үш күндік іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ЕО қаржыландыратын Орталық Азияда шекараны басқару бағдарламасымен (БОМКА) бірлесе ұйымдастырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және ҚР Ішкі істер министрлігінің 20 жуық офицері технологияның ағымдағы үрдістеріне және оны қолданылуына ерекше назар аудара отырып, тәуекелдерді анықтау және профильдеу техникасының озық халықаралық тәжірибесімен танысты. Оқу бағдарламасы теориялық және тәжірибелік элементтерді қамтыды.
Іс-шара барысында Латвиядан келген сарапшы құжат тексеру шеңбері, психологиялық профильдеу, тәуекелділік профильдерін анықтау және көлік, мүлік нысаны мен сапар мақсаты арасындағы үйлесімділікті анықтауды қоса алғанда профильдеу саласындағы халықаралық тәжірибеге шолу ұсынды.
Аталған семинар ашық қауіпсіз шекараларды дамыту және адамдар мен тауарлардың еркін әрі қауіпсіз трансшекаралық қозғалысын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол жүру құжаттар қауіпсіздігін, лаңкестік, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, заңсыз көші-қон және есірткі, қару-жарақ пен адам саудасымен қарсы күресті жетілдіру мақсатында Қазақстан шекарасының қауіпсіздігі мен басқаруды нығайтуға бағытталған.