ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі көпшілік жиналыстарды басқару бойынша қоғамдық тыңдауларды қолдайды
Астанада 8 желтоқсан 2017 жылы ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанның Ішкі істер министрлігінде көпшілік жиналыстарды басқару мәселелері және құқық қорғау органдары мен азаматтар арасындағы сенім деңгейін арттыру әдістері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.
Пікірталас барысында қатысушылар негізінен көпшілік жиналыстарды басқару ережелерімен және процедураларымен байланысты ағымды мәселелерді және қиындықтарды, сондай-ақ, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген көпшілік жиналыстар, демонстрациялар мен митингтер кезінде полиция мен өзге құқық қорғау органдарының жұмыс істеудегі тиімді әдістерін қозғады.
ЕҚЫҰ қолдауымен қоғамдық тыңдауларды өткізген ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысушыларға адам құқықтарын және азаматтардың негізгі бостандықтарын қамтамасыз етуде құқықтық тәртіп органдарының рөлі мен жауапкершілігі жайында ақпарат берді. Олар сонымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкес және ең жақсы тәжірибеде көпшілік жиналыстар кезінде заңсыз әрекеттерді қалай алдын алу керектігі жайында талқылады. Қатысушылар сондай-ақ, жұртшылық, азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы сенім мен ынтымақтастық деңгейін арттырудың ең жақсы тәжірибесімен танысып шықты.
Қатысушылар Ішкі істер министрлігіне қарастырылуға жіберілетін бірқатар ұсыныстарды әзірледі.
Шара қабылдаушы елдегі учаскелік полиция жұмысын ілгерілету бойынша Офис қызметінің бір бөлігі болып табылады.