ЕҚЫҰ криптовалютаны Қазақстанда пайдалану және онымен байланысты тәуекелдер бойынша оқу семинарын қолдайды
ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанның Ұлттық банкінің шамамен 20 өкіліне арналған криптовалютаны пайдалану бойынша өткізілген екі күндік оқу семинары 21 желтоқсан 2017 жылы Алматыда аяқталды.
Шара барысында негізгі көңіл криптовалютаны пайдаланудың техникалық аспектілеріне, блокчейн технологиясын пайдалануға және осы салада тиімді реттеуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарының рөліне бөлінді. Қатысушылар, сондай-ақ, криптовалюталық транзакцияның анонимді сипатымен байланысты мәселелерді, қылмыскерлердің жүйені пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін және ақшаны жылыстаумен және салық төлеуден жалтарумен күресуде ведомствоаралық ынтымақтастықты жақсарту қажеттіліктерін талқылады.
Шара Қазақстанда тиімді экономикалық басқаруды ілгерілету және ақшаны жылыстаумен және лаңкестікті қаржыландырумен күресу бойынша Офистің көп жылдық салған күшінің бір бөлігі болып табылады.