Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі киберкеңістікте балаларға қатысты сексуалды негіздегі қылмыстармен күресу мәселелері бойынша өңірлік оқу семинарын өткізуге қолдау көрсетеді
8 желтоқсан 2017 жылы Алматы қаласында киберкеңістікте балаларға қатысты сексуалды негіздегі қылмыстармен күресу мәселелері бойынша ЕҚЫҰ қолдаумен өткізілген бес күндік оқу семинары аяқталды.
Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисімен, Орталық Азиядағы БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өңірлік кеңсесімен (ЮНОДК) және жоғалған және қаналушы балаларды іздеу жөніндегі Халықаралық орталығымен Норвегия Корольдігінің қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды.
Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеттері мен Бас прокуратураларының жиырмаға жуық үкімет қызметкерлері интернеттегі балаларды сексуалды қанаудың негізгі мәселелерін және барлық әлем бойынша осы саладағы құқық қорғау органдарының соқтығысатын қиындықтарды талқылады.
Семинарды Федералды тергеу бюросының (АҚШ), Квинсленд штатының полиция қызметінің (Аустралия), Канадалық Корольдік атты полицияның, АҚШ пен ЮНОДК маршалдар қызметінің сарапшылары, сондай-ақ, ғылыми қоғамдастық пен үкіметтік емес сектор өкілдері өткізді, оның мақсаты - лауазымды тұлғаларға балаларды сексуалды қанауға байланысты қылмыстардың интернет-тергеуін жүргізу үшін маңызды түрлі элементтерді түсінуге көмектесу. Баяндамашылар дәлелдерді жинауға, онлайн-хабарламаларды тергеуге, метадеректерге, қылмыскерлер профильдерін құруға, шифрлауға, зардап шеккен балаларды анықтауға, құпия тергеулерге, қызықтыру әдістеріне және Орталық Азиядан бірнеше тәжірибелік мысалдарға айрықша назар қойды.
Семинар мақсаты болып лауазымды тұлғаларға киберкеңістікте балаларды қанау контексінде қылмыстық қауіп-қатерге дұрыс әсер етуге қажетті дағдыларды үйретуден және өңірде және барлық әлем бойынша басқа да құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта болу табылды. Семинар трансұлттық қауіп-қатерге қарсы әрекет ету және қылмыстық мақсатта интернетті теріс пайдалануды алдын алу бойынша ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі қызметінің бір бөлігі болып табылады.