Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанда адвокаттардың үшінші форумын қолдауда
8 желтоқсан 2017 жылы Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен адвокаттық қызметті қайта қалыптастырудың маңызды аспектілеріне арналған Қазақстан адвокаттарының үшінші форумы болып өтті. Шараға шамамен 80 қатысушы, соның ішінде Парламент депутаттары, облыстық адвокаттар алқасының және халықаралық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ, жергілікті және халықаралық сарапшылар жиналды.
Қатысушылар адвокатураны дамыту тенденцияларын, әсіресе, «Адвокаттық қызмет және заңды көмек туралы» Заңының жаңадан әзірленген жобасымен байланысты мәселелерді талқылады. Мүдделі тараптар арасында көптеген пікірталас тудырған заң жобасы қазіргі мезетте Мәжіліс қарастыруында және сәйкесінше жақындағы айлардың ішінде қабылданады деп күтілуде.
Шара барысында негізгі назар адвокатура тәуелсіздігіне, адвокаттық қызмет кепілдіктеріне, тәртіптік өндіріске және этика кодекстеріне қатысты мәселелерге бөлінді. Ресей Федерациясының, Түркия, Беларусь, Украина, Моңғолия, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан сарапшылары әріптестерімен өз елдерінің сәйкес тәжірибелерімен бөлісті.
Шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен, Қазақстан адвокаттарының Республикалық алқасымен, «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» үкіметтік емес ұйымымен және Халықаралық заңгерлер комиссиясымен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Ол Бағдарламалар Офисінің қабылдаушы елде құқық басымдылығы мен қылмыстық сот төрелігі жүйесінің реформасын қолдау бойынша ұзақ мерзімді күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.