ЕҚЫҰ Қазақстанның заңнамалық процесіне жұртшылықтың қатысуы бойынша семинарды қолдайды
2017 жылғы 30 қарашада Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен және Қазақстанның заңнамалық процесіне жұртшылықтың қатысуы жөнінде семинар өткізіліп, оған қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіподақтардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының 25 өкілі қатысты.
Семинардың алғашқы сессиясы Қазақстанда ағымдағы заңнамалық процесіне, соның ішінде нормативтік және құқықтық актілердің түрлері, иерархиясы, түрлі дайындау және орындау бойынша талаптарына, сондай-ақ заңнамалық процеске жұртшылықтың қатысу мүмкіндіктеріне арналды. Қатысушылар сонымен қатар адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық стандарттарымен танысты.
Іс-шараның екінші бөлігінде Қазақстанда заңнамалық процесінің барысы туралы ақпарат алудың және қоғамдық науқандар мен БАҚ-мен өзара әрекеттестіктің негізінде жұртшылықтың қатысуын арттыру жолдары қарастырылды.
Мемлекеттік істерді басқаруға жұртшылықтың қатысуы саласындағы ұлттық сарапшылармен жүргізілген семинарға қатысушылардың алған білімдерін қолдана білу дағдыларын жақсартуға бағытталған практикалық жаттығулар енгізілді.
Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінің депутаттары семинарға қатысып, өздерінің азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу тәжірибесімен бөлісті және заңнамалық процесте тиімді және конструктивті қатысу бойынша ұсыныстар берді.
Семинар ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілетін және қабылдаушы елде Парламенттің қызметіне ықпал жандандыруға және Парламенттің қабылдайтын елдегі азаматтық қоғаммен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шараларының бөлігі болып табылады.