ЕҚЫҰ Қазақстанның көліктегі полиция қызметкерлеріне тәуекелдерді профильдеу техникаларын үйретуде
2017 жылдың 10 қарашасында Ақтөбе қаласында Қазақстанның барлық өңірлеріндегі көліктегі полицияның 15 қызметкері және Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институтының 13 оқытушысы үшін ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған көлік нысандарында тәуекелдерді профильдеу бойынша үш күндік оқыту семинары аяқталды. Семинар мақсаты болып қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қазақстандық полиция әлеуетін нығайту табылды.
Оқыту семинары Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттары Елшілігі және Есірткі заттарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен (ОАӨАҮО) бірлесіп ұйымдастырылды.
Қазақстан психологтары ассоциациясының сарапшылары мен ОАӨАҮО көліктегі полиция қызметкерлерін тәуекелдерді профильдеу жүйесін дайындау дағдыларымен, қылмыстық оқиғалар бойынша ақпараттарды талдаудың әдістерімен және кең ауқымдағы форматта тәуекелдердің қолданыстағы профильдерін дамыту жолдарымен қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, қатысушылар жолаушылар арасынан олардың жүріс-тұрыстарын, жолаушылар сауалнамасында алдыңғы тәжірибесін және жағдайлардың ықтималды қақтығыстарын шешу әдістерін бақылап, бағалай отырып, тәуекел деректерін қалай сәйкестендіру қажет екендігін білді.
Бірқатар тәжірибелік жаттығулар қатысушыларға жаңа дағдыларды қолдану мүмкіндіктерін берді.
Шара қабылдаушы елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қауіпсіздікті нығайту, есеп берушілікті арттыру және ең жақсы тәжірибелерді ілгерілету бойынша Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.