ЕҚЫҰ Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері мәселелеріне арналған 2017 жылға белгіленген оқыту семинарлары топтамасын тәмамдады.
ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылып, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам және сот жүйесінің өкілдеріне арналған адам құқықтарын қорғау тетіктері мәселелері жайындағы төрт оқыту семинарының соңғысы 23 қараша 2017 жылы Қазақстанның Атырау қаласында өтті.
Үш күнге созылған шараға 245 жуық қатысушы, соның ішінде Атырау, Құлсары қалалары мен Атырау облысының Махамбет ауылы әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ судьялар, прокуратура, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері болды. Семинар барысында қатысушылар ақпаратқа қолжетімділік бойынша халықаралық стандарттар және жеке тұлғаның ақпаратты заңды жолмен емін-еркін алу және тарату құқықтары жайлы білді. Еңбек заңнамасындағы өзгерістерге, еңбек және әлеуметтік даудың алдын алу мәселелеріне, бәсекелеспеу туралы шарттарға, әлеуметтік серіктестікке, сондай-ақ қызметкерлердің тәртіптік және материалдық жауапкершілігіне, еңбек дауларының шешілуіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен өтті. Бұған дейін осы іспеттес шаралар ағымдағы жылы Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында өткізілген болатын. Бұл Офистің адам құқықтары жөніндегі жергілікті мекемелерге қолдау көрсету аясындағы қабылдаушы елде адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын ілгерілету бойынша ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.