ЕҚЫҰ сайлау барысын бақылаушылар және Орталық сайлау комиссиясы мүшелеріне арналған сайлаушыларды тіркеу стандарттары бойынша семинарды қолдайды
Астанада 2017 жылдың 16 қарашасында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен және ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен (ДИАҚБ) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен (ОСК) ұйымдастырылған сайлаушыларды тіркеудің түрлі мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Шамамен 60 болашақ сайлау барысын бақылаушы және ОСК мүшелері сайлаушыларды тіркеудің халықаралық тәжірибесі және стандарттары жөнінде, сондай-ақ, көрші елдердің сайлаушылар тізіміне, сайлау процедураларын автоматтандыруға және сайлау комиссияларының жұмыстарына қатысты тәжірибесі жөніндегі ақпарат алды.
«ЕҚЫҰ барлық қатысушы мемлекеттері сайлау құқығының теңдігі және жалпыға бірдейлігі демократиялық сайлардың негізгі принциптері болып табылатындығын және олар оны кепілденуге міндетті екендігін мойындады», - деп семинар қатысушыларына айтқан өз сөзінде сайлау бойынша ДИАҚБ кеңесшісі Радивое Груич айтып кетті. «Ашықтық, дәлдік және инклюзивтілік – сайлаушыларды тіркеу процесінің адалдығын және сайлаушылар тізімдерінің шынайылығын қамтамасыз ететін негізгі аспектілер болып табылады. Осы принциптерге сәйкес түрде сайлаушыларды тіркеу сайлау процесіне қоғамдық сенімді нығайтуға септігін тигізеді».
Елші Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы: «Сайлаушыларды тіркеу сайлауда тең әрі жалпыға бірдей қатысуды қамтамасыз ету үшін маңызды негіз болып табылады. Біз бүгінгі күндегі семинар шетелде сайлауға бақылау жүргізу барысында сайлаушыларды тіркеу процесінің дәлдігін, инклюзивтілігін және ашықтығын бағалау үшін болашақ халықаралық бақылаушыларға өз пайдасын тигізер деген үміттеміз», - деп атап өтті.
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров сайлаушылар тізімі және оларды жасауды бақылау адал әрі әділетті сайлауды қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқаратындығын атап өтті. «Тіркелген сайлаушылар саны негізінде сайлау процесі барысында, мысалы, бюллетень санына және басып шығаруға және олармен сайлау учаскелерін жабдықтауға арналған сайлау материалдарына және сайлаушылардың келуін бағалауға қатысты маңызды шешімдер қабылданады».
Осы шара сайлау процесінің ашықтығын және есептілігін арттыру және ЕҚЫҰ қағидалары мен міндеттемелеріне сәйкес демократиялық институттарды нығайту бойынша ЕҚЫҰ тұрақты күш салу аясында өткізілді.