ЕҚЫҰ Қазақстанда Стратегиялық экологиялық бағалауды қолдану бойынша семинарды қолдайды
2017 жылдың 16 қарашасында Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Эспо Конвенциясы аясында Қазақстанда Стратегиялық экологиялық бағалауды (СЭБ) ықтималды қолдануды талқылауға бағытталған екі күндік семинар өтті.
Киевте 2003 жылы қабылданған СЭБ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) 1991 жылғы Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша Конвенциясының Хаттамасы болып табылады. Осы құжат мемлекеттік жоспарларды, стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу процесінде экологиялық және әлеуметтік салдарды бағалау бойынша модельді ұсынады, сондай-ақ, шешім қабылдау кезінде азаматтық қоғамның белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етуді жорамалдайды.
Екі күндік шара Энергетика Министрлігімен, БҰҰ ЕЭК, БҰҰДБ, Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігімен, сондай-ақ, жергілікті үкіметтік емес «Адам денсаулығы институты» ұйымымен ынтымақтастықта Астанада ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен ұйымдастырылған.
Қатысушылар ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша Шығыс Еуропа мен Кавказ елдерінің тәжірибелерін қарастырды және Қазақстандағы экологиялық бағалаудың қолданыстағы тәжірибесін талқылады. Айрықша назар 2030 жылға дейін Қазақстанның Отын-энергетикалық кешенін дамыту концепциясына СЭБ қолдану бойынша ағымды пилоттық жобаның бөліктеріне қойылды.
«СЭБ стратегияларды әзірлеу барысында экология мен халықтың денсаулығы жөніндегі мәселелерді назарға алу үшін қызығушылық танытқан жақтарды талдау мен ақпараттандырудың маңызды құралы болып табылады» - деп Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары Офисінің басшысы, елшi Дьердь Сабо айтты. «Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары Офисі тиісті басқарудың маңызды құраушысы ретінде СЭБ қолдану бойынша Қазақстан Үкіметінің жұмысын белсенді түрде қолдайды».
«Министрлік деңгейінде біз мемлекеттік жобаларды, бағдарламаларды немесе стратегияларды жүзеге асыру кезінде тұрақты даму мәселелерін ескеруді қамтамасыз етуге аса тиімді тәсілді қабылдауымыз тиіс», деп Энергетиканың вице-министрі Бакытжан Джаксалиев айтты. «Біз СЭБ Хаттамасын қолдануды аса кеш кезеңде қымбат тұратын қателерді алдын алу мақсатымен экологияға және халық денсаулығына тигізетін ықтималды салдарды бағалауға арналған маңызды құрал ретінде қарастырамыз».
Осы семинар қабылдаушы елде тұрақты дамуды және тиісті түрде басқаруды ілгерілету бойынша Бағдарламалар офисінің көп жылдар бойы жұмсаған күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.