ЕҚЫҰ Қазақстандағы кедендік әкімшілік жүргізу бойынша семинарды қолдайды
2017 жылдың 8 қарашасында Астанада Кедендік Одақ аумағынан шығарылатын тауарларды кедендік бақылау мәселелеріне фокусталған кедендік реттеу процедуралары бойынша екі күндік семинар аяқталды.
Семинар орталық және жергілікті кедендік органдарының шамамен 45 өкіліне арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетінің Оқу-әдістемелік орталығымен серіктестікте Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен ұйымдастырылды.
Грузиядан, Ұлыбританиядан және Литвадан келген сарапшылар өз елдерінде өткізілетін кедендік рәсімдеу процедураларымен бөлісті, сондай-ақ, қатысушыларды Өкілетті экономикалық операторлар (мақұлданған кедендік әкімшіліктендіру функцияларын орындау барысында тауарларды ауыстыруға ат салысатын заңды тұлғалар) жұмыстарымен таныстырды. Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Қазақстандағы кедендік әкімшілік жүргізу бойынша ағымды тәжірибе жөніндегі ақпаратты ұсынып, кеденде құқықтық және институционалдық құрылымын бекіту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Аталған семинар өңірдегі саудаға көмектесу бойынша тиісті басқаруды ілгерілетуде қабылдаушы елге қолдау көрсету бойынша Офистің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.