ЕҚЫҰ Қазақстанда тәуекелдерді профильдеу бойынша полицияға арналған оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруда
2017 жылғы 3 қарашада Қарағанды қаласында бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде қолданылатын психологиялық профильдеу техникалары бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналып ЕҚЫҰ-мен ұйымдастырылған үш күндік тренерлерге арналған тренинг аяқталды.
ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 30-ға жуық орта буын офицерлері бұқаралық іс-шаралар барысында ықтимал қауіптерді анықтаудың психологиялық техникалары туралы білді. Сарапшылар тәуекел профильдерінің элементтерін анықтау, топтың психологиясы мен агрессивті топқа психологиялық әсер ету әдістері, көріп есіне сақтауды, зейінді шоғырландыруды және бөлуді бекіту жаттығуларына ерекше көңіл бөлді.
Офицерлер сонымен қатар тәуекелдердің түрлі индикаторларын және оларды нақты өмір жағдайында қалай пайдалануға болады пайдалану әдістерін қарастырды. Бірнеше практикалық жаттығулар қатысушыларға жаңа дағдыларды қолдануға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында полиция нұсқаушыларына арналған бейресми практикалық басшылық қарастырылды.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Ішкі істер министрлігімен бірлесе ұйымдастырылған семинарды Қазақстан психологтары мен терапевттерінің республикалық ассоциациясының сарапшылары өткізді. Аталған курс Академияның нұсқаушылары үшін профильдеу техникалары бойынша кейінгі мамандандырылған тренингтер ұйымдастыру үшін қажетті білім беру үшін дайындалған.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қауіпсіздікті нығайту, есептілікті арттыру мен бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында озық практикаларды ілгерілету бойынша қызметінің бөлігі болып табылады.