ЕҚЫҰ Қазақстандағы БАҚ туралы заң жобасын талқылау мақсатымен Парламенттік сарапшылар тобының отырысын қолдайды
2017 жылғы 2 қарашада Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ұлттық БАҚ туралы заңнаманы дамыту мәселелері бойынша сарапшылар тобының қатысуымен пікірталас өткізілді.
Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің қолдауымен Мәжіліс (ҚР Парламентінің төменгі палатасы) ұйымдастырды. Парламенттің 50-ге жуық мүшесі, мемлекеттік органдардың өкілдері, журналистер, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарастыру үшін жиналды. Бұл өзгерістерді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жанындағы Парламенттік жұмыс тобы дайындады.
Ұлттық және халықаралық БАҚ сарапшылары, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілінің сарапшысы Дмитрий Головановты қоса алғанда, заң жобасына халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелер негізінде өздерінің құқықтық пікірлерін ұсынды.
Іс-шара Офистің БАҚ бостандығын қалыптастыруда қабылдаушы елге көмектесу жөніндегі көп жылдық қызметінің бір бөлігі болып табылады.