ЕҚЫҰ Қазақстанда сегізінші жыл сайынғы Жас Кэмпті қолдауда
Жастарды қоғамдық қызметке қатыстыру және жастардың мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту мәселелері 29 қазан 2017 жылы Петропавлда ЕҚЫҰ-ның қолдауымен аяқталған екі күндік жыл сайынғы Жас Кэмптің (Жастар лагері) басты тақырыптары болды.
70-ке жуық жастар және жергілікті билік, азаматтық қоғам, бизнес және ғылыми қауымдастықтың өкілдері жастарға бағытталған саясатты іске асыруға байланысты мәселелерді шешуге байланысты, соның ішінде жастардың тұрақты дамуы мен олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесуге байланысты өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар адам құқықтары туралы жастардың хабардарлығын арттыру, гендерлік теңдік, жастардың білім алуға қолжетімділігі, қалалық ортада қоғамдық қызмет көрсету және әлеуметтік кәсіпкерлік туралы мәселелерді талқылады.
Жергілікті және Беларусь, Чехия, Грузия мен АҚШ-тан келген халықаралық сарапшылар нәтижелі қоғамдық жобаларды қалай жүзеге асыру туралы дәрістер оқып, жобаларды басқару және қоғамдық науқандар стратегиясын әзірлеу бойынша интерактивті семинарлар жүргізді.
Іс-шара қыркүйек-қазан айларының демалыс күндеріндегі Ақтөбе, Қарағанды және Петропавлда өткізілген үш лагерьлер сериясының ішіндегі соңғысы болды. Оны «Қазақстандағы жастар ақпараттық қызметі» үкіметтік емес ұйымы мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі бірлесе отыра Сорос-Қазақстан қоры, Фридрих Эберт атындағы қоғамдық қор мен Астанадағы АҚШ елшілігінің қодауымен ұйымдастырды. Бұл серияға әртүрлі бастамалар бойынша өз пікірлерін және жаңа идеяларын ортаға салған 200-ден астам жас, әрі белсенді адамдар қатысты.
Іс-шара қауіпсіздік және даму мәселелерін шешуде жастардың қатысуын ынталандыруға бағытталған Бағдарламалар офисі қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.