ЕҚЫҰ Қазақстандағы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекеттестік орнатуды үйретуде
2017 жылдың 18 мен 22 қыркүйегі аралығында Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен құқық қорғау органдары мен БАҚ арасындағы әрекеттестікті жақсартуға бағытталған бес күндік оқыту семинары өтті.
Елдің түпкір-түпкірінен жиналған 25 жуық прокурор мен Бас прокуратура қызметкерлеріне арналған шараны ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисі мен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау академиясы ұйымдастырды. Жиын барысында қатысушылар журналистік тұрғыда нақты жағдайларға негізделген ашық байланыс каналдарын зерделеу арқылы өз ведомствалары мен БАҚ арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың жолдарын талқылады.
Сонымен қатар қатысушылар қоғамдық қауіпсіздік саласындағы төтенше жағдайлар жайлы кәсіби түрде әрі уақытылы қалай хабарлау керектігін, ашық сұхбаттар мен баспасөз-конференцияларына қалай дайындалу керектігін, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысын қалай жақсартуға болатынын және дағдарысты жағдайларды қалай басқару керектігін үйреніп білді. Ұлттық сарапшылар баспасөз-релиздерін дайындау, баспасөз-брифингтер мен телевизиялық сұхбаттарды дайындау бойынша тәжірибелік жаттығулар арқылы жаңа медиа-құралдар мен әлеуметтік желілерді пайдаланылу деректерін тексерудің озық тәжірибесін таныстырды.
Елдің бүкіл аймақтарынан келетін құқық қорғау органдары өкілдеріне арналған кезекті семинар 9 мен 13 қазан аралығында өтетін болады.
Қазақ және орыс тілдерінде өткен семинар ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Қазақстандағы құқық қорғау органдары мен БАҚ арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы ұзақ мерзімді жұмыстарының бір бөлшегі болып табылады.