ЕҚЫҰ Қазақстанда журналистер арасында сөз бостандығы және өшпенділік тіліне жол бермеу тақырыбында тренинг өткізді
2017 жылдың 25 қыркүйегінде ЕҚЫҰ қолдауымен Шымкент қаласында сөз бостандығын қорғау және интернет желісінде өшпенділік тіліне жол бермеу саясаты бойынша семинар өтті.
Жиын барысында 20 жуық журналист, құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам өкілдері БАҚ пен өшпенділік тіліне жол бермеу саясаты арасындағы байланысты, сондай-ақ үкімет, азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат саласындағы ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жолдарын талқылады. Қатысушылар Қазақстан мен Қырғызстан сарапшыларымен бірігіп, журналистер мен әлеуметтік БАҚ қолданатын лексика беталыстарын анықтау үшін бірқатар интернет ресурстар мен басылымды БАҚ саралады. Жиын қатысушылары орын алып отырған жағдайлардың негізінде БАҚ саласындағы түрлі әлеуметтік және этникалық топтарға қатысты визуалды стереотиптердің төзімсіздіктің қалыптасуына қалайша ықпал ете алатынын қарастырды.
Іс-шара журналистерге БАҚ-ғы және интернет желісіндегі өшпенділік тілімен күресу жолдарын, сондай-ақ интернет-ортаның әлеуетті теріс ықпалын, деструктивті адам құлықтарын, оның ішінде троллингті, кибербуллингті және өшпенділік тілін азайту механизмдеріне бағытталған болатын. 2016 жылы Астана мен Алматы қалаларында өткен семинарлардың жалғасы саналатын шараны «Құқықтық медиа-орталық» ҮЕҰ бірлесе отырып, ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисі ұйымдастырды.
Кезекті семинарлар 2017 жылдың 13 қазанында Петропавл қаласында, 2017 жылдың 25 қазанында Ақтөбе қаласында және 2017 жылдың 27 қазанында Өскемен қаласында өтеді.
Аталмыш шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ бостандығы мен сөз бостандығын ілгері дамыту жолында атқарылып отырған жұмыстарының бір бөлшегі болып табылады.