ЕҚЫҰ Қазақстандағы сегізінші жыл сайынғы Орталық Азия көшбасшылығы бағдарламасын қолдайды
2017 жылы 19 қыркүйекте Алматы, Қазақстан ЕҚЫҰ қолдауымен тұрақты дамуға арналған 8-ші Орталық Азия Көшбасшылық бағдарламасы аяқталды.
Мемлекеттік органдардан, үкіметтік емес үйымдардан, академиялық топтардан және Орталық Азия мен Ауғанстан бизнес секторынан шамамен 35 жас көшбасшы «Су, энергия және азық-түлік арасындағы өзара байланыстың» тұрақты даму тәсіліне тоғыстырылды және тұрақты дамуды қамтамасыз ету арқылы экономикалық өсуді жылжыту аспектілерін талқылады.
Қатысушылар су ресурстарын тұрақты басқару, күзетілетін аумақтарды басқару, климаттың өзгерістеріне бейімделу шаралары, гендерлік теңдік, өңірлік экологиялық конвенцияларды іске асыру, сондай-ақ өңірлер мен Ауғанстаннан жас көшбасшы-пікірлестер арасында байланысты жолға қоюға көмектесу саласындағы негізгі ұғымдармен танысты.
«Жастардың энергиясы тұрақты даму саясатын табысты жүзеге асыру үшін аса маңызды басымдық болып табылады» - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо.
“Көшбасшылық бағдарламасы тұрақты даму қағидаттарын ұлттық саясатқа, бірлескен даму жоспары мен әлеуметтік бағдарламаларға енгізуге ұмтылатын жас кәсіпкерлер үшін маңызды платформа болады».
Орталық Азия Өңірлік экологиялық орталығының Атқарушы директоры Искандар Абдуллаев: «Көшбасшылар – бұл біртуар тұлға бола тұра, осындай біртуар тұлғаларды соңынан ерте алатын тұлғалар. Көшбасшылар инновациялық идеялар мен шешімдерді, тәжірибе мен білімді ғана емес, табиғатты қорғау және тұрақты даму мәселелері бойынша Орталық Азиядағы ынтымақтастық рұхын да табыс етеді» - деді.
Сегізінші жыл қатарынан өткізіліп отырған тоғыз күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығымен, Норвегия Үкіметімен, Біріккен Ұлттар ұйымының қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен, Еуропалық Одақпен және АҚШ Халықаралық даму агенттігімен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі көшбасшылық бағдарламасына су ресурстарын бірігіп басқару және өңірде тұрақты дамуды жылжыту үшін ұлттық парктер құру қағидаттарына тоғыстара отырып жасыл экономика қағидаттарын жылжытуда ЕҚЫҰ рөлі мен мандаты жөнінде дәріс өткізу арқылы өз үлесін қосты.
Іс-шара Орталық Азияның және одан тыс жерлердің жас көшбасшыларының арасындағы ынтымақтастықты күшейту арқылы тұрақты даму және жасыл өсу қағидаттарын жылжыту жөніндегі Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш салуының бөлігі болып табылады.