ЕҚЫҰ Қазақстандағы азаптауды алдын-алу бойынша оқыту семинарларын тәмамдауда
2017 жылы 29 тамызда Қызылорда қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген Азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларына арналған балалар мекемелеріне мониторинг жүргізу бойынша үш тренингтің соңғысы аяқталды.
Іс-шараға Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан келген 25 жуық ҰАТ қатысушылары жиналды және ол балалар мекемелеріне алдына ала баруды дайындау және өткізу бойынша әлеуетті арттыруға бағытталды. Қатысушылар кәмелеттік жасқа толмағандардың жабық мекемелерінде, оның ішінде арнайы білім беру ұйымдарында, кәмелетке толмағандарды түзету мекемелерінде және нашақорлық, психиатриялық, туберкулез диспансерлердегі балалар бөлімшелерін қоса алғанда балалардың құқықтарын бақылаудың әдіснамасы мен практикалық аспектілерін үйренді.
Бельгиялық халықаралық сарапшы және ұлттық сарапшылар халықаралық және ұлттық заңнамалық базаға назар аудара отырып, сондай-ақ азаптауды мен қадір-қасиетті қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне болдырмаудың қолданыстағы тетіктері мен әдістерін жетілдіру жайлы талқылауларды жүргізді. Жабық мекемеде болу тәжірибесін ескере отырып, балалармен қарым-қатынасқа ерекше назар аударылды.
Оқыту сериясы елдің әр аймағынан 80-ге жуық ҰАТ мүшелерін қамтыды. Оны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі, Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарлар Офистің ҰАТ –қа ұзақ мерзімді көмек көрсету және қабылдаушы елдегі БҰҰ Азаптауларға қарсы конвенциясына Факультативтік хаттаманы жылжыту бойынша жұмыс жүргізудің құрамдас бөлігі болып табылады.