ЕҚЫҰ Қазақстанда құжаттар қауіпсіздігі мен сәйкестендіру мәселелері жөнінде шекарашыларға арналған тренинг өткізуде
2017 жылы 22 қыркүйекте Алматы қаласында жалған құжаттарды анықтау және сәйкестендіру техникалары бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен 32 шекарашыларға арналып ұйымдастырылған бес күндік тренинг семинар аяқталды.
Аустрияның Федералды ішкі істер министрлігінің және АҚШ Кеден және шекара қызметінің сарапшылары құжаттардың халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі озық тәжірибемен, соның ішінде шекаралық бақылау кезінде жалған жол жүру құжаттарын және адам саудасы құрбандары болған саяхатшылардың ықтимал белгілерін анықтау тәсілдерімен бөлісті. Қатысушылар сонымен қатар құжаттар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полимерлі субстраттарды пайдалану, баспаның дәстүрлі техникалары, фотосуреттерді қорғау және екінші қайтара анықтау мәселелерін талқылады. Түпнұсқалық жалған құжаттармен практикалық жаттығулар арқылы шекарашылар жаңадан алынған білімдерін жетілдіре алды.
Семинар ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ету департаментінің Жол жүру құжаттарының қауіпсіздігі бағдарламасының, сонымен қатар Қазақстанда ЕҚЫҰ шекара қауіпсіздігі концепциясын дамыту бойынша Офистің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады. Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қазақстандағы АҚШ елшілігімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен ынтымақтастықта және ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ету департаментінің Жол жүру құжаттарының қауіпсіздігі бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды.