ЕҚЫҰ Қазақстанда ақшаның жылыстауымен және терроризмді қаржыландырумен күрес жөніндегі оқыту семинарды қолдайды
АСТАНА, 20 қыркүйек 2017 ж. – Бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен Астанада ақшаның жылыстауымен және терроризмді қаржыландырумен күрес жөніндегі үш күндік семинар басталды.
Қаржы секторының, белгіленген қаржы емес кәсіпорындар мен кәсіптердің және коммерциялық емес ұйымдардың шамамен 100 өкілі Ақшаның жылыстауымен, ақшаның жылыстау және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерімен күрес жөніндегі қаржылық шараларды, сондай-ақ оларды жеңілдету шараларын әзірлеу тобының талаптарымен таныстырылады.
ЕҚЫҰ қолдауымен келген Италия мен Сербия сарапшылары терроризмді қаржыландыру мақсатында коммерциялық емес ұйымдарды заңсыз пайдаланумен күрес саласындағы озат халықаралық практикалармен, сондай-ақ клиенттерді тиісті тексеру рәсімі шеңберінде бенифициарлық иені (оның атынан мәміле жүзеге асырылатын жеке тұлға) анықтау тәсілдерімен бөлісті. Семинар қылмыстық жолмен тапқан кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету жөніндегі режим аясындағы қаржы мониторингі субъектілері арасында бар және туындайтын сын-қатерлер бойынша «ой-талқы» өткізу мақсатында теориялық сияқты, сондай-ақ практикалық сабақтарды біріктірді.
Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Айдар Мекебеков семинардың, сондай-ақ ақшаның жылыстауымен және терроризмді қаржыландырумен күрестегі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ол, Қазақстанға барлық мүдделі тараптар арасында көптеген коммуникация каналдарын дұрыстау бойынша жұмыс істеу қажет екенін айтты.
«Қаржы және қаржы емес секторлар қылмыскерлер тарапынан ақшаның ізін жасыру және терроризмді қаржыландыруға теріс пайдалану үшін әсіресе осал, бұл ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздік саласында алаңдаушылық туғызады», - деді Елші, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің басшысы Дьердь Сабо. «Бұл жөнінде ЕҚЫҰ осы қауіпті тәуекелдер және солармен байланысты сын-қатерлер туралы хабардарлықты жақсарту арқылы барынша қысқартуға күш салуы тиіс, сондай-ақ ақшаның жылыстауымен және терроризмді қаржыландырумен күрес жөніндегі қазіргі заманғы және аса тиімді шаралармен бөлісуге тиіс».
Іс-шараны Астанағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі және ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті ұйымдастырды. Бұл Офистің ақшаның жылыстауын және терроризмді қаржыландыруды тиісті басқаруды және күресуді жылжыту саласындағы көп жылғы күш салуының бөлігі болып табылады.