ЕҚЫҰ Бас хатшысы Орталық Азия жастар желісінің түлектерімен кездесті
Орталық Азия жастар желісінің (CAYN) бес қатысушысы 2017 жылы 30 тамызда, Венада ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті және Орталық Азиядағы қауіпсіздік, ЕҚЫҰ қызметі және оның қауіпсіздікті тегіс қамти алатын тәсілдемесі мәселелерін талқылады.
Қатысушылар тобы ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысына қатысты және ЕҚЫҰ Хатшылығының әртүрлі бөлімдерінің, соның ішінде Қақтығыстардың алдын алу орталығының, Байланыс және БАҚ бөлімінің, Трансұлттық қауіп-қатерлер департаментінің, Экономикалық және экологиялық қызмет үйлестірушісі офисінің, Адам саудасымен күрес жөніндегі арнайы өкілдің және үйлестіруші офисінің қызметі туралы білді. Сондай-ақ, олар БАҚ бостандығы жөніндегі ЕҚЫҰ өкілінің қызметі туралы білді.
Қатысушылар ЕҚЫҰ Төрағалығының өкілдерімен және Ресей Федерациясының, Америка Құрама Штаттары мен өз елдерінің делегацияларымен кездеседі.
2015 жылы CAYN семинарына қатысқан ЕҚЫҰ Төрағалығының жастар және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Анна-Катарина Дайнингер ЕҚЫҰ өңіріндегі кешенді қауіпсіздік сын-қатерлерін шешуде жастарды жылжытуда өзінің рөлін талқылайды.
Сонымен қатар, қатысушылар ЕҚЫҰ жастар және қауіпсіздік мәселелері тобының кездесуіне қатысады, онда олар CAYN желісіндегі өздерінің рөлі туралы айтып береді және CAYN үлгісін басқа өңірлерде қалай қолдануға болатыны туралы өз көзқарастарымен бөліседі.
Қазақстаның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түркменстан мен Өзбекстанның CAYN түлектері маусымда өткен CAYN 2017 семинарына қосқан белсенді үлесінің нәтижелері бойынша танысу сапарға қатысу үшін іріктеп алынды. Осы жылғы семинар «Жастар энергиясына» тоғыстырылды және Орталық Азия кеңейтілген өңірінен шамамен 45 CAYN студенті мен түлектерін жинады. Іс-шара Астанадағы Экспо 2017 көрмесіне сапармен аяқталды.
Сапарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Орталық Азиядағы басқа дала миссияларының және Қақтығыстардың алдын алу орталығының қаржылық және логистикалық қолдауымен ұйымдастырды.
Орталық Азия жастар желісі 2004 жылы, студенттер қазіргі заманғы қауіпсіздік қатерлерді, сондай-ақ осындай сын-қатерлерге орай ЕҚЫҰ әрекет ету рөлін білу және түсіну мақсатында құрылды.