ЕҚЫҰ Қазақстандағы ашық деректер және деректерді өңдеу жөніндегі журналистерге арналған тренингті қолдайды
Қазақстанның 15 журналисіне арналған деректер журналистикасы жөніндегі екі күндік семинар-тренинг 25 тамызда Алматы қаласында аяқталды.
Іс-шара журналистерге ашық деректер көздерімен, деректерді көзбен шолу қағидаттарымен және өңдеу әдістерімен кешенді танысу мүмкіндігін берді. Журналистер Ашық үкімет және Ашық деректер сияқты электронды үкімет порталдарын пайдалануды қоса алғанда, жаңа материалдар жасау мақсатында деректердің үлкен ауқымын талдау және сұрыптаудың жаңа дағдыларын үйренді.
Қазақстан мен Қырғызстан сарапшыларының басшылығымен қатысушылар IT технологиялар саласындағы мамандармен бірлесіп, деректерді талдау әдістерін пайдалана отырып, әртүрлі әлеуметтік бағыттар бойынша жобалар әзірледі. Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Интерньюс-Казахстанмен және АҚШ халықаралық даму агенттігімен бірге ұйымдастырды.
Семинар БАҚ бостандығын жылжытуға бағытталған, сондай-ақ «Ақпаратқа қол жетімдік туралы» заңды іске асыру тұрғысынан мемлекеттік органдар жариялаған ашық ақпаратты тиімді және талап етілген пайдалану жобасының бөлігі болып табылады. Бұл жоба ЕҚЫҰ қағидаттары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ бостандығын және пікір білдіру бостандығын ілгерілетуге бағытталған.