ЕҚЫҰ Қазақстанда сауданы және шекара қауіпсіздігін оңайлату жөніндегі өңірлік семинарды қолдайды
2017 жылы 25 тамызда Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен сауданы және шекара қауіпсіздігін оңайлату жөніндегі өңірлік семинар аяқталды.
Қазақстан Қаржы министрлігінің, сондай-ақ Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы мен Өзбекстанның кеден ведомстволарының шамамен 60 өкілі кеден рәсімдерін және жүкті транзитті тасымалдау уақытында ақпараттық технологияларды пайдалануды оңайлату жөніндегі мәселелерге назар аудару арқылы сауданы және шекара қауіпсіздігін оңайлатудың сын-қатерлері мен артықшылықтарын қарастырды.
Австрияның Федералды қаржы министрлігінің сарапшылары кедендік ресімдеу және шекараны қорғайтын тиісті тетіктерді қамтамасыз ету рәсімдерін оңайлату арқылы сауданы жылжыту саласындағы озат тәжірибемен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар елдің ішінде сияқты, сондай-ақ, оның шегінен тыс ведомствоаралық ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған кеден мен бизнестің ынтымақтастығын нығайту жолдарын да талқылады.
Екі күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Австрияның Федералды қаржы министрлігімен, Қазақстандағы Германия халықаралық ынтымақтастық қауымымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кіріс комитетімен әріптестікте ұйымдастырды.
Семинар өңірдегі сауданы тиісті басқару мен дамытуды жылжытуда қабылдаушы елді қолдау жөніндегі Бағдарламалар Офисінің ұзақ мерзімді күш салуының бөлігі болып табылады.