ЕҚЫҰ Қазақстан Шекара қызметінің офицерлерін тәуекелдерді профильдеуге үйретуді аяқтайды
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің он сегіз офицерін трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет етуде қолдау мақсатында, ЕҚЫҰ қолдайтын шекаралық өткізу пунктерінде профильдеу жөніндегі бес күндік оқу курсы топтамасының соңғы алтыншысы Қостанайда 2017 жылы 4 тамызда аяқталды.
Топтаманы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігімен және Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметімен бірлесіп ұйымдастырды.
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҰО) мен Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі офицерлерінің Шекара қызметі академиясының сарапшылары шекарашыларға тәуекелдерді профильдеу жүйесін әзірлеуді, қылмыстық оқиғалар жөніндегі мәліметті талдаудың статистикалық құралдары және кең ауқымда пәрменді тәуекелдер профильдерін дамыту жолдарын үйретті.
Оқыту курсына адамдардың вербалды және вербалды емес мінез-құлқын жақсырақ түсіну жолдары, сондай-ақ тәуекелдердің белгілі индикаторларын анықтау жолдары кірді. Практикалық сабақтар іс-шара барысында және Ресей Федерациясына жақын шекаралық өткізу пунктінде қатысушыларды жаңадан алған білімін қолдану мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету мақсатымен өткізілді.
Бұл іс-шара қабылдаушы елдің шекара қауіпсіздігін күшейтуге және бір уақытта трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ете отырып, шекара қауіпсіздігін кешенді басқаруды жылжытуға бағытталған Офис қызметңнің бөлігі болып табылады.