ЕҚЫҰ Қазақстанда тұрмыстық зорлыққа қарсы әрекет қолдану мәселелері бойынша полиция қызметкерлері арасында оқыту жүргізуде
2017 жылдың 30 шілдесінде Қазақстанның Павлодар облысында үш күнге созылған семинар мен қоғамдық тыңдаулар өз жұмысын аяқтады. Бұл іс-шаралар барысында полицияның тұрмыстық зорлыққа қарсы әрекет қолданудағы жұмысын реттейтін заңнамалық актілер мен механизмдер қоғамдық талқыға салынған болатын.
Айтылған мәселе төңірегінде Қазақстанның өзге өңірлеріндегі құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналып өткізілетін алдағы төрт оқыту семинарымен қатар, осы өткен шаралар тұрмыстық зорлық болуы мүмкін жағдайларды тыңдап, қоңырауға жауап беретін полиция инспекторларының әлеуетін арттыруға бағытталған. Төңіректегі аймақтардан жиналған қатысушылардың басын біріктіретін жоба Алматы, Қарағанды, Павлодар және Орал қалаларында іске асырылмақ.
Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыскерлері тұрмыстық зорлық жағдайларында қандай іс-қимылдарды қолға алу керектігін үйретумен қатар, полиция қызметкерлерінің сол аймақтағы жұмысына баға беретін болады.
Оқыту семинарлары Бағдарламалар офисінің азаматтарға тұрмыстық зорлықтың алдын алуға және онымен күресуге жәрдемдесу, зорлық-зомбылықтың құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету жолындағы көп жылдан бері атқарылып келе жатқан жұмыстарының бір бөлшегі.