ЕҚЫҰ Қазақстанда қаржы қылмыстарды тергеу және ұрланған активтерді қайтару жөнінде оқыту семинарды қолдайды
Астана қ. 2017 жылы 31 шілдеде ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекістан мен Пәкістан құқық қорғау органдарының шамамен 30 өкілі үшін қаржы қылмыстарды тергеу және ұрланған активтерді қайтару жөнінде бес күндік өңірлік оқыту семинары басталды.
Қатысушыларды Канададан, Біріккен Корольдіктен және Америка Құрама Штаттарынан келген ұлттық және халықаралық сарапшылар ақшаның жылыстауымен байланысты қылмыстарды тергеу, дәлелдерді жинау, сыбайлас жемқорлық тәсімі мен салық төлеуден жалтару жағдайларын анықтау, трансшекаралық тексерулер жүргізу, үшінші тұлғалар құқықтарын қорғау және шетелге шығарылған активтерді қайтару үшін шетелдік хұкімге өзара құқықтық көмек сұрату сияқты мәселелерді үйретеді.
Оқыту семинарының мақсаты қаржы қылмыстарды тергеу саласында халықаралық ынтымақтастықты күшейту және ұрланған активтерді қадағалау, оларға тыйым салу және шетелден қайтаруда озат халықаралық практикалармен танысу болып табылады.
«Қазақстан үшін ақшаның жылыстауымен күрес жөнінде тиісті заңнаманың, сондай-ақ ұрланған активтерді анықтау, тексеру және қайтару дағдыларына ие мамандардың болуы аса маңызды», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьёрдь Сабо. «ЕҚЫҰ бұдан әрі де құқықтық базаны жетілдіруде және ЕҚЫҰ тиісті басқару және ұлттық стандарттарды сақтау саласындағы міндеттемелерін орындауға көмектесу үшін ұлттық әлеуетті арттыруда Қазақстанға қолдау көрсететін болады».
ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының м.а. Наиль Ахметзакиров: «Халықаралық қауіпсіздікке төнген жаһандық қауіптер күш пен құралдарды жұмылдыруды, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды және әлеуетті арттыруды талап етеді. Сондықтан біз, бүгінгі семинар қатысушыларға олардың кәсіби даярлығының деңгейін жоғарылатуға және қаржы қылмыстармен, сыбайлас жемқорлықпен әрі қылмыстық капиталды шетелге шығарумен күресте қажетті машықтар алуға мүмкіндік беретініне сенеміз», - деді.
Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Бас прокуратура, Жаһандық қауіптерге қарсы тұру аймақтық хабы және Қазақстандағы АҚШ Елшілігі ұйымдастырды. Өзбекстан мен Қырғыстан қатысушыларын Өзбекстандағы ЕҚЫҰ Жобалар үйлестірушісі және тиісінше Бішкектегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қолдады.
Іс-шара тиісті басқаруды жылжыту, ақшаның жылыстауымен және ланкестікті қаржыландырумен күрес саласында Офистің көп жылғы қызметінің күш салуы болып табылады.