ЕҚЫҰ Шу-Талас бассейні кеңесін Қазақстанда өткізуді қолдайды
2017 жылдың 26 шілдесінде Тараз қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Шу-Талас бассейні кеңесінің кезекті кездесуі және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелері жөнінде оқыту семинары өтті.
Қазақстан және Қырғызстанның мемлекеттік, жеке және үкіметтік емес секторлардан су ресурстарын басқару саласындағы шамамен 45 сарапшы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Шу-Талас бассейні кеңесімен, Жамбыл облысының жергілікті әкімшілігімен және «Су Әріптестігі» үкіметтік емес ұйымымен ынтымақтастықта ұйымдастырған іс-шараға қатысты. Іс-шараға қатысушылар Шу-Талас бассейнінің қазақстандық бөлігінде іске асырылатын климаттың өзгеруіне бейімделу шараларымен, сондай-ақ әртүрлі халықаралық институттардың климаттық қаржыландыру құралдарымен танысты. Талқылау нәтижесінде жерді тиімді суландыру және трансшекаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатымен деректер алмасу әдістері жөнінде ұсынымдар әзірленді.
Бұл жоба ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің бассейн деңгейінде су ресурстарын тиісті басқару саласында мемлекеттік институттардың хабардарлығын жақсарту және әлеуетін күшейту жөніндегі ұзақ мерзімді күш салуының бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, жоба Маастрихт қ. өткен су дипломатия мәселелерін өңірлік деңгейде жылжыту және жұртшылықты шешім қабылдау үдерісіне қатысуға тарту маңыздылығына ерекше көңіл бөлетін Министрлердің кеңесінің экономикалық-экологиялық бағыттағы ЕҚЫҰ стратегиялық құжаты жөніндегі шешіміне сәйкес келеді.