ЕҚЫҰ Қазақстанда азап шеккен құрбандарға көмек көрсетуге арналған Стамбул хаттамасын жүзеге асыруды қолдайды
ЕҚЫҰ қолдауымен Астана қаласында 2017 жылдың 24 шілдесінде «Стамбул хаттамасына сәйкес азаптау мен қатыгездік жасауды тиімді тергеу және құжаттау» атты төрт күндік оқу семинары басталды.
Семинар барысында шамамен 25 прокурор, қорғаушы мен сотмедсарапшы Стамбул Хаттамасы ережелерінің түсіндірмесімен және қолданылуымен танысып шығады, ол азап шеккен болжамды құрбандарды медициналық және психологиялық куәландыру бойынша халықаралық стандарт болып табылады. Стамбул хаттамасы тұлға азап шегу-шекпеуін анықтауды жоспарлайтын және зерттеу нәтижелерін сәйкес органдарға баяндайтын медицина қызметкерлері мен заңгерлердің тәжірибелік құралы ретінде қолданылады.
Ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысушыларға зерттеуді өткізу, дәлелдерді жинау және азаптау жөніндегі істер бойынша құжаттау критерийлері жайында айтып береді. Төрт күндік семинар барысында қатысушылар нақты сценарийлер талдауларына, рөлдік ойындарға және ұқсату жаттығуларына тартылатын болады.
Өткен жылы ЕҚЫҰ Бағдарламасының офисі Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясымен (ҚОА) бірлесіп осыған ұқсас шараны ұйымдастыруға қатысты, ол азаптауларды зерттеу үшін техникалық стандартты қолдануға елдің дайын екендігін көрсетті. Осы жылғы семинарды Астанада ЕҚЫҰ Бағдарламасының офисінің және қабылдаушы елдегі азаптауларға қарсы әрекет ету бойынша Офистің ұзақ мерзімді жұмысы аясында Қазақстандағы БҰҰ дамыту бағдарламасының қолдауымен ҚОА ұйымдастырды.