ЕҚЫҰ Қазақстанда жасыл экономикада озық тәжірибелер мен инновацияларды ілгерілету үшін құрылған платформаны қолдауда
АСТАНА, 12 шілде 2017 ж. – Бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен «жасыл» экономика саласында озық тәжірибелер мен инновациялар алмасуды ілгерілету үшін құрылған платформа ретінде «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасы (ЖКСБ) мәселелеріне арналған халықаралық форум өз жұмысын бастады.
Екікүндік іс-шараны Энергетика министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен 100-ге жуық мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардан халықаралық және ұлттық сарапшылар үшін ұйымдастырды. Форум жұмысы Париж климаттық келісімін орындау және «жасыл» қаржыларды мобилизациялаумен байланысты мүмкіндіктер мен мәселелерді қарастыруға бағытталды. Таңғы сессия «жасыл» стандарттарды әзірлеу саласында ынтымақтастыққа қолдау көрсетуге және энергия тиімділігі, энергияны сақтау және «жасыл» әзірлеулер бойынша ұлттық және өңірлік құрылымдар үшін тренингтер өткізуге бағытталған Аустриялық технологиялар институты (АТИ) және Энергетика министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімімен аяқталды.
«Мен Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасы мен Жасыл технологиялар орталығы «жасыл» технологияларды қолдануды ілгерілету арқылы Орталық Азия өңірінде тұрақты дамуға ықпал жасайтынына сенімдімін», - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
«Біз ЖКСБ-ны тек жасыл экономикалық өсуді ілгерілету бойынша тиімді құрал ретінде ғана емес, бірақ Орталық Азия өңіріндегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әдіс болады деп санаймыз», - деді Диана Дигол, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Басшысының орынбасары. «Біз Қазақстанның Аустриялық технологиялар институтымен ынтымақтастығы оның жасыл экономиканы ілгерілету бойынша ұлттық стратегиясын іске асыруыға жәрдемдесетініне сенеміз».
ЖКСБ 2010 жылы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Үкіметімен әзірленген халықаралық бастама болып табылады, және де ЖКСБ Хартиясына 15 мемлекет қол қойған болатын. Оның мақсаты «жасыл» экономикаларды және «жасыл» өсуді ілгерілету үшін жаһандық серіктестікті құру болып табылады.
Іс-шара қабылдаушы елдегі жаңартылатын энергия көздері мен «жасыл» даму саясатын дамытуға бағытталған ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.