Қазақстанда ғаламтор арқылы есірткі сатудың алдын алу ЕҚЫҰ қолдаған тренингтің тақырыбы болды
Ғаламтор желісінде есірткі сатуға қарсы әрекет ету мақсатында мемлекеттік органдар өкілдеріне арналған мамандандырылған тексеру техникалары Астана қаласында 2017 жылы 19-23 маусым аралығында ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен АҚШ Есірткімен күрес жөніндегі басқармасының Жаһандық оқу командасы ұйымдастырған бес күндік оқу курсының тақырыбы болды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталағында Ішкі істер министрлігі мен Мемлекетік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің есірткімен күрес жөніндегі бөлімшелерінің шамамен 20 офицеріне ұйымдастырылды.
Олар есірткіні сатып алуға және сатуға жауапты, сонымен қатар есірткі сатудан алынатын кірісті ұстап қалу үшін пайдаланылатын әртүрлі интернет-технологияларды қалай қадағалауды үйренді. Сондай-ақ, веб сайттарды, IP-мекенжайларды, электронды поштаны, әлеуметтік желілерді және хабарламалармен жылдам алмасу бағдарламаларды заңсыз пайдалану, сонымен қатар ғаламтор желісінің қолдауымен операциялар өткізу тақырыптары қозғалды. Қатысушылар үшін бірнеше нақты операциялар сипатталды.
АҚШ Есірткімен күрес жөніндегі басқармасының Жаһандық оқу командасының сарапшылары ғаламтор желісінде тексеру техникаларды жұмыс бабында түсінумен қатысушыларды таныстыру үшін оқу курсын өткізді.
Бұл іс-шара есірткінің заңсыз айналымымен тиімді күресте қабылдаушы елдің әлеуетін құру үшін Офистің көп жылғы күш салуының бөлігі болып табылады.