ЕҚЫҰ-ның Орталық Азия жастар желісінің семинары «Жастар энергиясын» қолдайды
АСТАНА, 28 маусым 2017 ж. – Бүгін Астанадағы Форте банктің бас офисінде ЕҚЫҰ Орталық Азия жастар желісінің (CAYN) жыл сайынғы он бірінші семинары басталды.
Төрт күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Орталық Азия, Ауғанстан мен Моңғолия университеттерінің және CAYN түлектерінің шамамен 45 өкілі үшін ұйымдастырды. Өңірдегі ЕҚЫҰ-ның басқа миссиялары іс-шара өткізуге қолдау көрсетті. Сондай-ақ, іс-шараға ЕҚЫҰ өкілдері, Қазақстанның, Қырғыстан мен Өзбекстанның сарапшылары және жеке сектор мен Дүниежүзілік банктің жетекші өкілдері қатысты.
Бұл семинардың тақырыбы Экспо 2017 «Болашақ энергиясы» тақырыбын көрсету үшін таңдалды. Жаңғырмалы энергия көздері мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін зерттеуден басқа, қатысушылар Орталық Азиядағы және өңірдің шегінен тыс тегіс қамти алатын қауіпсіздіктің негізгі келелі мәселелерін талқылайды, сондай-ақ осы мәселелерді өз қауымдарында және көрші елдермен бірлесіп шешу жолдарын үйренеді. Сонымен қатар, олар адам құқығын қорғауда азаматтық қоғамның рөлін қарастырады және көп жақты ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, бірігу жолында Орталық Азиядағы ынтымақтастықты қайта қарайды.
«ЕҚЫҰ бұл өңірдегі қауіпсіздіктің негізгі сын қатерлері бір жақты тәртіппен шешіле алмайтынын мойындайды», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо. «Бұдан басқа, оларды өңірлік деңгейде шешу керек және сіздер бұны қалай істеудің тамаша мысалы болып табыласыздар. Тұрақты күш сала отырып сіздер бұл желіні өңірлік қауіпсіздік сын-қатерлердің көзі ете аласыздар».
Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко мемлекеттік басқару деңгейіндегі барлық әйелдерді тарту маңыздылығын талқылады және қоғам, экономика мен үкімет үшін басымдықтың тиісті мысалдарын келтірді.
Қазақстандағы Австрия Елшісі, д-р Герхард Сайллер жастар мәселелерін қоса алғанда ЕҚЫҰ Төрағалығының артықшылықтарын айтып берді. ЕҚЫҰ Жастар мен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі төрағалығының Арнайы өкілі Асиф Сафдари зорлық-зобылық сипатындағы экстремизмімен күресте қауіпсіздік сын-қатерлерін шешуде ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаттарын талқылады. «Зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы ұйымшыл ЕҚЫҰ» кампаниясына жастарды тартуға ерекше назар аударылды.
Семинар зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күресу, гендерлік теңдікке жету, тиісті басқару, азаматтық қоғамды дамыту және фильмдерді түсіруді қоса алғанда, әлеуметтік медиа пайдалану мәселелеріне арналған тренингтермен жалғасады. Іс-шара шеңберінде қатысушылар Экспо 2017 көрмесіне екі мәрте сапар жасап, АҚШ павильонының студент елшілерімен мәде алмасу іс-шарасына қатысады.
Іс-шара жастардың қазіргі қауіпсіздік қатерлері мен сын-қатерлерін түсінуін жақсартуға, сондай-ақ оларды шешуде ЕҚЫҰ рөлін түсіндіруге бағытталған Офистің күш салуының бөлігі болып табылады.