Кедендік рәсімдерді оңайлату Қазақстанда ЕҚЫҰ семинарының басты назарында болды
2017 жылдың 26 маусымында Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау кезінде кедендік бақылау рәсімдерінің халықаралық тәжірибесімен қатысушыларды таныстыру бойынша семинар өтті.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығымен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Грузия, Латвия және Ресей Федерациясының сарапшылары орталық және жергілікті кеден органдарының 46 өкілдеріне транзиттік тауарлар мен көлік құралдарына кепілдік тетіктерін пайдалану жөніндегі халықаралық тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар кедендік транзит рәсімдері кезінде пайдаланылатын қолданыстағы ақпараттық технологиялар жүйелерін қарастырды, сондай-ақ Қазақстанда басқа ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің тәжірибесін пайдалану жолдарын талқылады.
Аталған семинар тиімді басқаруды ілгерілету және халықаралық транзит пен саудаға жәрдемдесу арқылы қабылдаушы елге қолдау көрсету бойынша Офистің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.