Арал-Сырдария су бассейнін қорғау Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдауымен өткізіліп жатқан семинардың назарында
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі 2017 жылғы 27 маусымда Қазақстанның оңтүстігіндегі Қызылорда қаласында өткізіліп жатқан Арал-Сырдария бассейндік кеңесінің кезекті отырысын және оқыту семинарын қолдауда.
Арал-Сырдария бассейндік кеңестің, жергілікті әкімдіктердің, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес және бизнес ұйымдардың 70-ке жуық өкілдері үшін арналған үшкүндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Халықаралық Аралды құтқару қорымен (ХАҚҚ) ынтымақтастықта өткізуде. Кездесуге қатысушылар судың сапасын арттыру бойынша тәжірибемен алмасты, олардың стандарттарын қарастырды және осы саладағы барлық мүдделі тараптардың ынтымақтастығы саласындағы мәселелерді талқылады.
«Судың сапасы және су ресурстарының азаюы елдегі және жалпы өңірдегі қауіпсіздік үшін елеулі қауіп-қатер болып табылады», - деді өзінің баяндамасында Елші Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысы. «Осыған байланысты ЕҚЫҰ су ресуртарын тұрақты қамтамасыз ету және қолдану үшін барлық мүдделі тараптар арасында әлеуетті құру және диалогты ілгерілетуге баса назар аударады».
Әмірхан Кеншімов, Қазақстандағы ХАҚҚ Офисі Басшысының орынбасары өз баяндамасында былай деді: «Бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шара Арал-Сырдария бассейндік кеңесінің барлық тараптарының өзара іс-әрекетін нығайту үшін маңызды құрал болып табылады. Бассейндік кеңестің отырысы және одан кейін болатын тренинг жергілікті және ұлттық деңгейдегі су ресурстарын басқару саласындағы диалогты, әлеуетті және ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды платформа болатыны сөзсіз».
Іс-шара су ресурстарын бірлесіп басқару қағидаттарын енгізу бойынша Офистің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады. Жоба 2010 жылы ХАҚҚ және ЕҚЫҰ Офисі арасындағы қол қойылған Өзара түсіністiк туралы меморандумда көзделген міндеттемелерді орындауға бағытталған.