ЕҚЫҰ Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша прокурорларды оқытуда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үздік тәжірибелер бойынша екікүндік оқыту семинары 2017 жылғы 28 маусымда Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен аяқталды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен ынтымақтастықта елдің барлық өңірлерінен келген 30-ға жуық прокурорлар үшін ұйымдастырды.
ЕҚЫҰ сарапшысы ЕҚЫҰ өңірінде сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау бойынша үздік халықаралық тәжірибемен прокурорларды таныстырды, сондай-ақ Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет қолдану бойынша заңнамасынына талдауды баяндады. Оқу модульдері халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциялар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар, тәуекелге бағдарланған ұстанымдар, халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша рейтингтер, халықаралық ынтымақтастық пен өзара құқықтық көмек мәселелерін қамтыды. Сонымен бірге қатысушылар сыбайлас жемқорлық бойынша тергеу жүргізудің тәжірибесімен танысты, және де қабылдаушы елдегі ЕҚЫҰ-ның үздік тәжірибелерін алдағы қолдану мәселелерін талқылады.
Семинар қабылдаушы елге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде қолдау көрсету, сондай-ақ тиісті басқару мен құқықтың ұлықтылығын ілгерілету бойынша Офистің ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.