Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет қолдану Қазақстанда ЕҚЫҰ семинарының басты назарында болды
2017 жылдың 19 маусымында Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен 30 судья мен Қазақстан өңірлерінің облыстық соттар өкілдері үшін сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде ең үздік тәжірибелер бойынша семинар аяқталды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясымен ынтымақтастықта сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдар тақырыбында ұйымдастырды.
Қазақстанның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының ережелеріне көңіл аудара отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең үздік ұлттық және халықаралық практикаларды ілгері жылжыту, сот әділдігіне ашық қол жеткізу және сот әділдігін қамтамасыз етуге арналған алдын алу тетіктерін құру болды.
Қатысушылар Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының ережелеріне назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең үздік ұлттық және халықаралық тәжірибелерді ілгерілету, этикалық нормаларды сақтау және сот әділдігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Іс-шара тиісті басқару және құқықтың ұлықтылығын ілгерілету бойынша Офистің ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.