ЕҚЫҰ Қазақстанда ақпаратқа қол жеткізу туралы заңды тиімді іске асыруды қолдайды
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Қазақстан Республикасы Парламенті бірлесіп Астанада 2017 жылы 1 маусымда ақпаратқа қол жеткізу туралы заңды қолдану жөнінде дөңгелек үстелді, сондай-ақ одан кейінгі сараптамалық пікірталасты ұйымдастырды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Парламент депутаттарын, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Қаржы министрлігі мен Бас прокуратура мемлекеттік органдарының жоғары қызметтегі өкілдерін, дипломатиялық ведомстволар өкілдерін, сондай-ақ азаматтық қоғам қатарындағы сарапшыларды қоса алғанда 80 қатысушы үшін ұйымдастырды.
Қатысушылар билік қызметінің транспаренттігін қамтамасыз ету арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресуге және азаматтардың мемлекеттің дамуындағы өз рөлі мен жауапкершілігін ұғынуына ықпал ететінін атап отырып, жалпы қоғамның дамуы үшін ақпаратқа қол жеткізу туралы заңның маңыздылығын талқылады. Эстониядан және Ресей Федерациясынан сарапшылар, сондай-ақ ұлттық сарапшылар ұқсас заңдарды имплементациялау бойынша өз елдерінің тәжірибесін ұсынды.
Басқа спикерлер «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңды тиімді іске асыру мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігін арттыруға, ел қауіпсіздігін нығайтуға, қоршаған орта мен халықтың денсаулығын, ішкі саяси және экономикалық климатты жақсартуға ықпал ететінін атап өтті. Олар заң демократияны нығайтуға және тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етуге әлеуетті ықпал ететінін қосты. Ұсынымдар тізімін қатысушылар пікірталас негізінде әзірлейді.
Дөңгелек үстелден кейін болған сараптамалық кездесуде қатысушылар ұлттық және халықаралық сарапшылармен бірге ерекше мәселелер мен ұсынымдарды толығырақ талқылады.
Іс-шара «Бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» - елдің дамуына бағытталған үкіметтік реформалар жоспарын іске асыру тұрғысынан өтті. Бұл пікірталастар ақпаратқа тікелей қол жеткізу және тиісті басқаруды қоса алғанда, іргелі бостандықтарды жылжыту бөлігінде қабылдаушы елге көмектесу жөніндегі Офистің көп жылғы күш салуының бөлігі болып табылады.
Қазақстан ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнаманы 2015 жылы қараша айында қабылдады. ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі кейін азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар үшін елдің өңірлерінде бұл заңды тиімді іске асыру жөнінде 12 оқу семинары мен талқылау ұйымдастырды.