ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген Сегізінші Орталық Азияда интернетті дамыту бойынша форум
АЛМАТЫ, Қазақстан, 24 мамыр 2017 ж. – Бүгін Қазақстанның Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен жыл сайынғы Сегізінші Орталық Азияда интернетті дамыту бойынша форумы басталды.
Екі күндік іс-шараға Чехия, Германия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей Федерациясы, Украина және Өзбекстаннан келген 150-ге жуық мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғамның, БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіби қауымдастықтардың өкілдері, сарапшылар, адвокаттар мен журналисттер, сонымен бірге БАҚ бостандығы мәселелері бойынша ЕҚЫҰ Бюро Өкілдігінің Аға Кеңесшісі қатысты.
Форум шеңберінде қатысушылар пост-шындық заманындағы интернеттің дамуы үшін басты мәселелерді талқылады. Талқылаулар тақырыптары интернет пен қоғамдық желілердің қоғам пікіріне ықпалының нәтижелерін, сөз бостандығы қағидаттарын сақтай келе Интернеттегі негативті нарративтерге қарсы іс-қимыл қолдану жолдарын, манипуляцияға, насихаттауға, ксенофобияға, араздыққа, бүлдіргіш контентке қарсы тұрудағы үздік тәжірибені, заңнамалық және тәжірибелік құралдарды, сондай-ақ желідегі қауіпсіздікті ілгерілету мәселелерін қамтыды.
«Тек сапалы қызмет ететін, ашық, әр түрлі және серпінді медиа-орта ғана насихаттаудың ықпалын, араздықтың тілін тиімді жоюға, сондай-ақ сөз бостандығы қағидаттарын сақтай келе интернеттегі бүлдіргіш контент пен улы нарративтерге қарсы әрекет қолдануға мүмкіндік береді. Біз осы форумда азаматтарды хабарландыру бойынша журналисттердің өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін жәрдемдесетін нақты ұсыныстар әзірленетініне сенеміз», - деді Диана Дигол, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Басшысының орынбасары.
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қазіргі уақытта БАҚ және Интернет арқылы таралатын ақпаратқа сенімді арттыруға, ақпараттық ортадағы азаматтардың құқығын қамтамасыз етуге, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы заманында БАҚ-тың дамуына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын арттыруға бағытталған бірнеше заңнамалық және ақпараттық түрдегі бастамалар іске асырылып келеді», - деді Бекзат Рахимов, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары.
Форумды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі MediaNet халықаралық журналистика орталығымен және Қазақстандағы Конрад Аденауэр қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Форум Офистің Қазақстанда және Орталық Азия аймағында пікір білдіру бостандығы мен БАҚ бостандығын ілгерілету бойынша қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.