ЕҚЫҰ Қазақстанда адвокатура институтын жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілуіне қолдау көрсетуде
Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен адвокатура институтын одан әрі дамыту және реформалау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға 60 жуық мемлекеттік қызметкер, оның ішінде Әділет министрлігінің, Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның, Парламент Мәжілісінің (төменгі палата) қызметкерлері мен құқық мәселелері жөніндегі жергілікті және халықаралық сарапшылар, сонымен қатар облыстық адвокаттар алқасы мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар адвокатура институтының дамуының қазіргі беталыстары мен алдындағы мәселелерін, сондай-ақ әділет органдарының адвокаттық қызметтің реттелуіндегі орнын талқылады. Азаматтар құқығын қорғауда және білікті заңдық көмек көрсетілуде адвокаттардың рөліне, үздік халықаралық тәжірибеге сүйенген адвокаттық қызметтің кепілдіктеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұған қоса, жиында тегін заңдық қызмет ұсыну, адвокаттардың біліктілігін, кәсіби этикасы мен тәртіптік жауапкершілігін арттыру мәселелері қарастырылды. Түркия, Украина, Грузия және Литва елдерінен келген сарапшылар өз елдеріндегі адвокатура саласын реформалаудағы тәжірибелерімен бөлісті.
«Адвокатура институтын реформалау адвокаттардың біліктілігінің арттырылуын қамтамасыз ету және pro bono заңдық қызметтердің ұсынылу жүйесін жетілдіру маңызды» – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев. «Адвокатура қызметінің қаржы мәселесінің ашық болуын қамтамасыз ету де маңызды міндеттердің бірі саналады»,- деді ол.
«ЕҚЫҰ елдің заңды көмек ұсыну жүйесін Құқықтық саясат концепциясымен және басқа да стратегиялық құжаттармен көзделгендей жетілдіруге деген ұмтылысын құптайды», - деп бөлісті Астанадағы Бағдарламалар Офисінің басшысы Дьердь Сабо. Ол: «Біз концепцияда көрсетілген адвокаттардың процессуалдық құқықтары жүзеге асыру тиісті құқықтық тетіктерді талап етеді деген позицияны қолдап, осы бағыттағы қадамдар одан әрі де жалғасын табады деген үміттеміз», - деп айтты.
Аталмыш шара Дүниежүзілік банктің, ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисінің, Еуропа кеңесінің және басқа да донорлардың қолдауымен ҚР Әділет министрлігі мен Республикалық адвокаттар алқасымен ұйымдастырылды. Жиын Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі заң әділдігі мен адвокатура институтының дамуына қолдау көрсету жолындағы ұзақ мерзімді жұмыстарының аясында өткізілген болатын.