ЕҚЫҰ Қазақстанда азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігін қолдауда
Азаптаулардың алдын алу саласындағы жергілікті және халықаралық тәжірибеге арналған Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу механизмінің (ҰАТ) бірінші форумы Астана қаласында 2017 жылы 17 мамырда аяқталды.
Екі күндік іс-шара 100-ге жуық қатысушыны, оның ішінде мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғаларын, парламент депутаттарын, адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің қызметкерлерін, Азаптауды болдырмау жөніндегі БҰҰ кіші комитетінің мүшесін, жергілікті және халықаралық құқық сарапшыларын, сондай-ақ елдегі ҰАТ мүшелерінің өкілдерін жинады.
Олар Қазақстандағы ҰАТ-ты жүзеге асырудың практикалық аспектілерін, соның ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес нормативтік-құқықтық базаны дамыту, бас бостандығынан айыру орындарында қоғамдық мониторингті жүргізу проблемалары, мемлекеттік басқару және алдын алу құрылымдары арасындағы сындарлы ынтымақтастық құру және азаптауды жоюға байланысты тиісті ұсыныстарды жүзеге асыру сияқты кең ауқымды сұрақтарды талқылады.
Грузия, Словения, Испания және Біріккен Корольдіктің сарапшылары алдын ала болу сапарлары мен олардың тиімділігін саралауға байланысты өзінің және Еуропа Кеңесінің озық тәжірибелерімен бөлісті. Форумда сонымен қатар 2016 жылы Қазақстандағы ҰАТ мүшелері жүргізген алдан ала болу қорытындылары бойынша жинақталған баяндамасы таныстырылды.
«ҰАТ жайлы қоғамның хабардар болуын арттыруға бағытталған әр түрлі деңгейлердегі бастамалар, және оның дамуы үшін азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы диалог қолдау әрдайым құпталады. Мұндай талқылаулар Қазақстанда азаптауға қарсы алдын алу шараларын ажырамас бөлігі болуы тиіс», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо.
ҚР Омбудсмені Асқар Шәкіров Қазақстандағы ҰАТ мемлекеттік органдармен стратегиялық әріптестік аясында жұмыс істейді және тек азаматтық қоғам өкілдерінен ғана қана құралатынын атап өтті. Ол: «ҰАТ Мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарынан тәуелсіз болып, рның мүшелерінің қызметіне араласу заңмен тыйым салынған», - деді.
Екі күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен), Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Жоғарғы Комиссары өңірлік басқармасы және Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы бірлесіп, Қазақстанда сот төрелігі жүйесін жетілдіру бойынша және Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің бірлескен бағдарламасының қолдауымен ұйымдыстырды.
Іс-шара БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманың оныншы жылдығына арналды және қабылдаушы елдегі ҰАТ-ты қолдаудағы Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.